text
stringlengths
347
53.1k
'''Уақыт''', кептеген спорт түрлерінде Уақыт маңызды міндет атқарады. Кептеген спорт түрлерінде жүру, жүгіру, жүзу, велосипед спорты, қайық есу т.б. алған орындар көрсеткен уақыты есепке алынады. Уақыт жеке және ұжымдық көрсеткіштер болып бөлінеді. Жеке уақытқа бір спортшының көрсеткен уақыты, ал командалық есепте ұжым...
'''Сергей Кириллович Уфимцев''' (1921, Ресей, Алтай Республикасы Усть-Кан ауданы Черный Ануй селосы 14.4.1944, Днестр өзенінің бойында) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, 387-сапер батальонының бөлім командирі. Орыс. Алматыда құрылыс істеріне қатысты. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылдың ба...
'''Мирослав Тырш''' (1832-1884), филология ғылымдарының докторы жазушы және әдебиет сыншысы Париждің бейнелу өнері университетінің профессоры. 1861 ж. "Қыран" гимнастикалық қоғамын ұйымдастырған жене оның бірінші басқарушысы болған. Тырш "гимнастиканың негіздері" кітабында жарияланған. "Қырандардың" шығармашылық ережес...
'''Тарих-и Қыпшақи''', «Тарих-и Кипчак-хани», «Тарих-и Кыпчак» 15 18 ғасырларда қазақ даласында болған оқиғаларды баяндайтын тарихи шығарма. Оның авторы Қыпшақ хан, әдетте оны Ходжамкули-бек Балхи деп атаған. Еңбек кіріспе мен тараудан (кейбір деректерде тараудан) және қорытындыдан тұрған. Онда бұған дейінгі деректерде...
right '''Ущев Борис Петрович''' (31.3. 1915, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 13.3.1996, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, 1-гвардиялық дивизиясы торпедалық катерлер отрядының командирі. Орыс. Орта мектептен кейін 1939 жылы Жоғары әскер-теңіз флоты училищесін бітіріп, 1939-40 жы...
кубогының иегері Бақтияр Артаев '''Вел Баркер кубогы''' (''ағыл. Val Barker Trophy'') 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының ең техникалы боксшысына берілетін жүлде. Кубок ағылғын боксшысы, Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының алғашқы құрметті хатшысы Вел Баркер құрметіне 1920 жылы тағайындалған. Кубок АИБА-ның ж...
'''Туристік эмблема''' (гр. ''emblema'' қосымша, рельефті әшекей ұғымында), туристік немесе оның кейбір жеке түрлерін сипаттауға арналған нышандар көбінесе қағаз бетіне елде қағаз матаға бейнеленіп салынады. Туристік эмблема белгілері туристік жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздарына беріледі; қызмет бабына орай клуб, ...
'''Туристер базасы''', туристерге, қызмет көрсетуге, тамақ ішулеріне, оларды орналастыруға арналған құрылыс кешені. Алғашқы туристік база Алматы маңындағы Күйгенсай ("Горельник") Шатқалында 1936 ж. ашылған болатын. 01. 06. 2009 ж. республикада туристік базасы болды. Солардың ішінде Қарағандыда "Қарқаралы", Павлодарда "...
'''Туристік жарыстар''', осындай жарыс түрлеріне белгілі бір маршрут бойымен табиғи және қолды қойылған, туристік құралдарды пайдаланып сол кедергілерден өту. Арнаулы тәсілдік және әдістік тапсырыстарды орындау. Туристік жарыстардың мақсаты туристердің шеберлігін кетеру. Жарысқа қатысатын туристерді әдістік дайындық де...
'''Ақуыз''' малдың төлдегеннен кейінгі қою, құнары жоғары алғашқы сүті. Төлдегеннен кейінгі алғашқысы «қарауызды» төліне емізіп оттықтырып алады. Онан кейін бірнеше күн қатарынан сауған кездегі қою, майлы құнарлы сүтті қазақ ақуыз деп атаған. Қалыптасқан дағды бойынша барлық көрші-қолаң, ағайын-туысқа ақуыздан түгел дә...
'''Туристік жорық''', туристік жорықтар көбінесе ауылды жерлермен немесе тұрғылықты халқы сирек аймақтарда белгілі бір мақсатпен жаяу жүріп саяхат шегу: танып-білу, сауықтыру, спорт, оқулық және жаттықтырушылық мақсатында туристік жорықтар ұзақтық мерзіміне қатысты (1-2 күндік немесе кеп күндік), жүру әдістері туристік...
'''Туристік маршрут''' (немістің ''marschrute'' деген сез мағынасында), туристер жүріп өтетін бағытты күні бұрын жоспарлау арқылы тарихи орындар мен мәдениет ошақтарын аралап танысуға бағытталған сонымен қоса табиғат танысуға байланысты жол. Бағыт қозғалыстарына қарай- тіке бағыттағы, радиалды және шеңберлі бағыттағы ж...
'''Туристер клубы''', аудан, қала, облыс көлеміндегі туристерді біріктіретін қоғамдық ұйым, сонымен қатар туристік жұмыстардың әдістемелік тәсілдерін ұйымдастыру орталығы. Туристер клубының негізгі мақсаты туризмнің қай түрі болмасын, оның көпшілік бағытындағы жұмыстарын түсіндіріп, насихаттау. Туристер клубы негізінен...
'''Туристің күнделігі''', саяхат жұмыстарының есебіне арналған (ауызша немесе жазбаша) күнделікті жүріп өткен жолдардағы (жер жағдайлары, табиғи кедергілер немесе әртүрлі белгілерге қатысты) экскурциялық нышандар жол-жөнекей кепшілікке тиімді жұмыстарға қатысты, жергілікті адамдармен кездесулер және туристік саяхатқа а...
'''Сәуірдің 12''' Григориан күнтізбесінде жылдың 102-ші күні (кібісе жылдарда 103-ші). Жылдың аяғына 263 күн қалады. == Мерекелер == Ғылым қызметкерлері күні Халықаралық адамның ғарышқа ұшу күні FAI: Дүниежүзілік авиация мен ғарыштану күні Ғарыштану күні Ұлттық азат күні (1980). Юрий түні саласы жұмыскерлері күні. == О...
'''Тархан'''– 1) әскери атақ. Түркі-моңғол халықтарында Тархан атауы өте ертеде пайда болып ақсүйектерге, әскери адамдарға берілген. Бұл дәрежесі жағынан ханнан кейінгі екінші дәрежелі ақсүйектер. Батырлар да ерекше әскери еңбегі үшін Тархан лауазымын алғаннан кейін салық жинау құқығын иеленген. Қала, уәлаяттарға әкімд...
'''Тоңу''' денеміздің тоңып, салқындауы кебінесе суықта ұзақ уақыт болғанымызда, дымқылды жерде көп уақыт тұрып қалғанымызда және қолайсыз ауа райы жағдайында сезіледі. Тоңу ағзаның әлсіреуіне, сууына, қажу, болдыру, шаршау, бір орыннан қимылдап жүрмей ұзақ уақыт түрып қалған жағдайда, әсіресе ашаршылыққа тап бол- ғаны...
'''Су́кук''' (, сөзі صك Сакк" "заңды құжат, акт, квитанция") Шариғатпен бекітілген заңды құжат, исламдық облигациялардың эквиваленті. == Әлемде == 2007 жылы сукук қаржысының әлемдік көлемі 31 млрд АҚШ доллары көлеміне жетті.. Татарстан республикасы сукук бекітуге шешім қабылдады == Сілттемелер == Сукук деген не? Қаржы ...
'''Лев Борисович Стесин''' (08. 12.1943 Алматы) республикалық мамандандыру комитетінің мүшесі (1977- 2001). К- спорт туристік бірлестігі терағасының орынбасары (1981- 2001 ж). Қазақстан спорт туристік бірлестігі комитетінің терағасы (1977- 2001). Ангрен өзенінде (Өзбекстан) 1983 ж. өткізілген су туристік арналған бүкіл...
'''Олег Геннадьевич Симонович''' (1947 Алматы) СШ-і аға нұсқаушы, төреші. Апматы облысы спорт туристік бірлестігінің қоғамдық мамандар бойынша туристік комиссиясының төрағасы, "Эдельвейс", "Есік келі" (1963-67, 1971-73), туристік базаларының аға нұсқаушысы, Қазақ туристік кеңесінің құтқарушылар қызметінің бастығы (1973...
балалар мен жасөспірімдер, сонымен қатар теменгі және орта мектеп жасындағылар туристік саяхаттарға қатысқан уақыттары Осындай серуендер олардың денсаулығын сауықтыру, түсініктерін жақсарту және тәрбиелік мақсатында өткізіледі. 1-3 сынып балаларға арналған туристік серуендерінің узақтығы 1-1,5 сағ. аспауы керек, 4-5 сы...
'''Салт атпен саяхат жасау,''' адамдардың денсаулығына өте пайдалы. Теледидарлардан тумысынан аяғын басып жүрмеген, бір орыннан түра алмай қалған балаларды атқа жайдақ отырғызып жүргізу арқылы сол балалардың денсаулығын көтерулеріне жақсы ықпал бергені көрсетілді. Әсіресе біздің қазақ халқы жылқының қасиетті жануар еке...
'''Николай Францевич Рекубратский''' (1947-1995 Теміртау қаласы), CШ-i, (1980). 1970-80 ж.ж. Магнит" туристер клубын басқарған. Жоғары категория жорықтарды, соның ішінде 4-ші категория қиындықтағы жорықтарды басқарған. (1973-74, 1985), 5-ші категория қиындықтағы (1976-79. тау туризмі бойынша Бүкілодақтық жарыстың жеңім...
'''Анатолий Константинович Резников''' (13.04.1937 ж). Қазақстан велотуристік CШ-i. (1976 ж) Республикалық спорт және туристік федерация комитет велотуристік бойынша XX ғ-дың 70-90 ж.ж. төрағасы. Мамандандыру комитетінің орынбасары. Ең жақсы туристік саяхаттарға арналған республикалық жарыстардың жеңімпазы (1973- 74, 1...
==XX ғасырдағы Павлодар облысы== 1901 жылы қазіргі Павлодар облысы аумағында мекен еткен 162,5 мың адамның 90,2% көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар болды. Славян тілдес халық (6,5%) көбінесе диқаншылықпен айналысты. Қала тұрғындарының саны 3,7% құрады. Асыл тұқымды дворян 109 адам, мещандар 4,5 мыңға жуық б...
'''Аркадий Георгиевич (03.08.1940 Алматы), СШ-і тау туристік нұсқаушысы "Тамга" туристік базасының аға нұсқаушысы (1979). Орта Азия әскери округінің туристік және спорт саласы бөлімі бастығының орынбасары (1985). Журналист, туристік арналған көптеген мақалалар мен кітаптардың авторы. Таулы саяхаттардың 4-5 соның ішінде...
'''Тархан грамоталары ''' ақсүйектердің артықшылығын көрсететін арнайы құжат. Алтын Орда хандары қоластындағы ықпалды шонжарларды өздеріне тарту үшін Тархан грамоталарын таратқан. Кейін Тархан грамоталарын Қырым, Қазан, Орта Азия хандықтарының билеушілері де кеңінен қолданды. Ресей тарихында Тархан грамоталарына ие бол...
'''Николай Валентинович Пагануццы''' (1899-1989 Қарағанды қаласы), СШ-і туристік нұсқаушысы. Фан таулары мен Памир-Алтай, Тянь-Шань, Кавказ өңірлерін зерттеушілердің бірі. Карағанды облысы өңіріне алғаш туристік жорықтар ұйымдастырған, КСРО жағрапиялық қоғамының мүшесі. Фан тауларына арналған бір- сыпыра кітаптардың ав...
==XIX XX ғ. Басындағы Павлодар Ертіс өңірі== XIX ғ. қазіргі Павлодар облысы патша билігінің және саяси реформаларына бағынышты болды. XIX ғ. 20 ж. басында Баянауыл аймағы Ресей және Қытай империясы сияқты екі ұлыс тоғысқан жер болды. 1821 ж. Орта жүз қазақтары қытайлармен келіссөз жүргізуге тырысқан Уәлиұлы Ғұбайдоллан...
'''Өзін-өзі бұл әркімнің жеке басына қатысты, топ мүшелерінің көмегінсіз атқарылатын болады. Өзін-өзі қауіпсіздендіру барлық түрлерінде қолданылады. Соның ішінде кең көлемде және әртүрлі мақсатта тау туризмі және спелеологиямен айналысқандар қолданады. Өзін-өзі пассивті түрде сақтандыру оның үстіндегі киімдері, аяқкиім...
==Тың игеру (Павлодар облысы)== 1954 ж. тың игеру басталды. Қазақстанға күллі КСРО-дан құрылыс жиналатын үйлерімен, ауылшаруашылық техникаларымен, жылжымалы жүк автокөлігімен эшелондар ағыла бастады. Тың игеруге механизатор, диканшылармен қоса мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер келді, сол арқылы ауылдың мәдени деңгейі ...
'''Өзін-өзі кадағалау''', жаттығулар немесе жорық кезінде олардың дене дайындықтарын қадағалап байқауымен анықталады. ''Оның негізгі мақсаты'': әсіресе саяхат кезінде өз ағзасының қалыпты жағдайын аса көңіл аудару. Әсіресе денсаулығына, алаңсыз ұйықтауына, тағамға деген тәбетіне, дене салмағына, жүрек-қан тамырлары жүй...
"Шахмардан Қайдарұлы Әбілев" (23.4.1950, Арбген ауылы, қазіргі Павлодар облысы, Шарбақты ауданы) опералық әнші, педагог, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1994). Уақ тайпасынан шыққан. ==Білімі== Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны тәмамдады (1981). ==Мансабы== Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі (1989...
'''Өзін-өзі тоқтату''', дегеніміз кездейсоқта тепе-теңдігін жоғалтып құлаған сетінде, ез қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-қимылдары. Мысалы, биік еңістен темен қарай құлағанында (немесе сырғанап түскенінде) жылдамдығын азайтып, мүмкіндігінше өзін-өзі тоқтатуға бейімделуіне арналған қауіпсіздік шаралары. Осындай қа...
'''Дмитрий Поликарпович Багаев''' (5 қыркүйек, 1884, Ресей империясы, Туманы ауылы, қазіргі Киров облысы 23 шілде, 1958, Павлодар қаласы, ҚазКСР) фотограф, өлкетанушы, облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы әрі алғашқы директоры. ==Білімі== Омбы фотографы Коркиннен сабақ (1901—1903) және Мәскеуден фотосабақтарын...
'''Маршруттық мамандыққа баға беретін комиссия (ММК)''' туристік секцияларда, турист клубтарында туристік жорықтарды ұйымға бағытталған спорттық туристердің көмегімен кұрылады; ММК кұрамына тәжірибелі маман туристер енеді. Олар жорықтарға қатысқалы отырған туристермен таңдаған маршрут бойынша арнайы кеңес жургізіп, ола...
'''Маршрутты таңбалау''' (немістің ''markieren'' сөзінен белгі қою), шартты белгілеу жүйесі көмегімен, туристік жорықтар мен саяхаттардың маршруттарын белгілеу. Бұл негізінен туристер тынығып демалатын, табиғи қиындықтардан және қауіпті жерлерді анықтайтын жол бағытындағы арнаулы белгілер. Олар көбінесе табиғаттың әсем...
'''Тасбөгет''' Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты кент (1948 жылдан), Тасбөгет кенттік әкімдігі орталығы. == Географиялық орны == Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс іргесінде, Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан. == Халқы == 1999 жылы тұрғындар саны 16922 адам (8896 ер адам және 8026 әйел адам) болса, 2...
'''Ағартушылар мен академиктардың мүсін аллеясы''', Павлодар қ., (Ломов, 64). С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университеті бас корпусының алдындағы скверде 2003 ж. Павлодар облысы тумалары көрнекті қайраткерлердің мүсіндері орнатылған. Мүсіндер ікбұрыш субүріккішті жағалай екі қатар болып бір-біріне қарамақа...
'''Ала қаптың аузын ашты''' қуанышқа кенелген сәтте соның белгісі ретінде ас-тағамның сақталған қорын ортаға салды дегенді, яғни той мен қуанышқа, қысылтаяң күндерге деп сақтап отырган құрт-ірімшігі, мейіз-науат, қарын мен бүйендегі май, жент сияқты тәтті-дәмдісін ортага салды, барын аямады, бәрін төкті, сырын аиіты де...
'''Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды''' ортақ игілікті бөле жарып пайдалануга болмайтындығын меңзеген мәнге ие сөз орамы. Пареманың түптөркіні ала койдың жүнін қыркылған соң түсіне карай белек-белек жинап алу мүмкін емес екенін, шашылып кететінін білдіреді. Яғни қазақ қауымының тіршілігінің бірден бір кепілі ауыз...
'''Жетекші''', жорыққа қатысушылардың бастапқы сапын бастаушы әдетте жетекші топты басқаратын басшы адам немесе солардың қатарынан белгіленген тежірибелі туристік болады. Жорық уақытында қозғалыс қарқынын анықтап, қауіп-қатерсіз жол бағытын таңдап, қажет болған жағдайда жүру бағытындағы жолды күні бұрын дайындайды. Жол...
'''Еру жасау''', туристік топтың жорық кезіндегі демалысы, түскі тамақ, медициналық көмек көрсетуге қатысты қысқа уақыт көлемінде аялдап демалулары. Маршрут бойынша жүргеніндерінде қысқа уақыт көлемінде тынығып (қиын жолдардан өтіп шаршаған жағдайларында) әрбір 30-50 мин сайын 5-20 мин. аралығында демалуларына мүмкінді...
'''Еру''', Белгілі маршрут бойынша саяхатты жалғастыру тапсырысын орындау мақсатындағы бір күндік демалысты ұйымдастыру. Бір күндік демалыс кезінде туристік топ бір орнында қалып, нақтылы жерде орналасқан лагерді ауыстырмайды; егер туристер бір күндік саяхат жасап лагерлерін басқа жерге бұл "жарты күндік" еру деп айтыл...
'''Николай Николаевич Енин''' (1936-1984) СШ-і. Теміртау қаласындағы Қаз. Магниткасының металлургі. Жоғарғы категориялы таулы жорықтарды басқарған, соның ішінде 4-ші категориялы қиындықтағы (1965, 1975, 1976 ж), 5-ші категориялы қиындықтағы (1967-68, 1970-72, 1975, 1977, 1979, 1983-84 ж). Ол За және 36 категориялы қиын...
'''Алақан''' дәстүрлі түсінікте кез келген заттың кеңейіп, жалпақтау келген бөлігінің атауы. #Алқаның кейбір салпыншақтардың шынжырмен, топсамен байланысатын бөлек-бөлек күміс пластинка түріндегі негізгі болігі (толығырақ қ. Алқа). #Қамшының сабы мен өрімінің түйіскен жеріндегі жалпақ қайысы, яғни өрімнің басы. #Бұл ай...
'''Алақан жаю''' бата бергенде, Құран оқыған сәтте отырған адамдардың оған назар аударып, тыныштық сақтай отырып, кос қолын жайып, алақанын бір-біріне жақындатып, саусақтарын түйістіріп ұстау жосыны. Бұл үрдістің мәні бата мен діни құлшылық ниеттері қабыл болсын деген мағынаны белдіреді. Аят немесе бата айтылып құптаға...
'''Алақан соқпақ''' көбіне бозбала мен жас жігіттер жиылып ойнайтын ұлттық ойын түрі. Ойыншылар шеңбер жасай жайғасады да, өз орталарынан бір адамды «хан» сайлап алады. «Хан» қолына арнайы орамалдан немесе ұзыншалап ұстаған киімді «арқан» етіп алып, ортаға шығады да, отырған ойыншылардың біреуіне келіп алаканын көрсету...
Флюорит '''Тасқайнар Флюорит Кендері'''– Жамбыл облысы Отар ст-ның орналасқан. 1963 ж. ашылған. Тасқайнар Флюорит Кендерін Оңтүстік Тасқайнар, Шығыс Тасқайнар, Аралық Тасқайнар, Өрікті, Ырғайты деп аталатын кендер құрайды. Олар Бесмойнақ синклиналдық белдемінің солтүстік-батыс бөлігі ернеуінің солтүстік-шығыс және мери...
'''Итшана жарысы''', ит жеккен шанамен жарысу Сібір жерін мекендеген көптеген халықтарда бұрыннан бар. Арасына уақыт салып барып итшана экипаждары бір күнде сөреге шығады. Белгіленген қашықтықты ең аз уақытта жүріп өткен экипаж жеңіске жетеді. Жол бойында шанаға жегілген иттердің алмастырылуы мүмкін. Мұндай жарыстарда ...
'''Қызмет иттерімен өткізілетін көпсайыс'''. Көпсайыс бағдарламасына итпен 600 м-ге жүру. 300 метрлік кедергілер алабынан жеңіл атлетші үшін тосқауыл, тұтас дуал, гранатты нысанаға лақтыру, еңбектеп өтілетін алап, окоп, бум, өту, пневматикалық винтовканы нысанаға ату кіреді. Көпсайыс 1975 жылдан бастап спорттық классиф...
'''Тазылар жарысы''', кейде 10 иттің арасында өткізіледі. Жарыс қашықтығы 230-дан 1200 ярдқа дейінгі аралықты құрайды. Иттерді тордан босатқаннан кейін олар тректе тұлыпты қуалай бастайды. Спорттың осы түрінде ұтыс жүйесі қарастырылады, ал жеңімпаздарға жүлделер тапсырылады. Айдаушылар басқаратын иттер командалары арас...
'''Ұлттық намыс''' ар-ож-даннан бастау алатын, отан- сүйгіштікпен ұштас, рухани- құндылық сезім. Ұлттық намыс адамның ұлттық құндылықтарының маңызын түйсінуден туындап, халқының мұң-мұқтажын түсініп, туған елін корғауымен сипатталады. Ұлттық намыс намыстың негізгі көрінісі адамның туған еліне төл мәдениетіне деген кұрм...
'''Ұлттық рух''' халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық төлсанасы арқылы бағамдауы за...
Кабади Азия елдерінде көп тараған күрес пен регбидің элементтері бар спорт түрлерінің бірі. Оның күрестен айырмашылығы командалық ойын, регбиден айырмашылығы ойын кезінде доп пайдаланбайды. Әр команда жеті спортшыдан тұрады. Алаң екіге бөлініп бір жағы шабуыл жасаушылар, екінші жағы қорғанушылар болып белінеді. Әр кома...
'''Ермек Елеуханұлы Үкібаев''' (13.07.1965 жыл, Оңтүстік Қазақстан, Кентау қаласы), қазақ, генерал-майор. ==Білімі== И.В.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1986 жылы) бітірген. Л.Н.Гумилев атындағы Дипломатиялық академиясын бітірген (2004). ==Өмірбаяны== Германиядағы кеңес әскерлері тобы 2...
'''Үмбетей Байсейітұлы''' (1717-1814) батыр. Орта жүз ішінде арғын тайпасынан әкесі Бәйсейіт жас кезінде-ақ осы ұлына көп көңіл бөлген. Жастайынан атқа үйретіп, он жасында жарысқа, күреске, көкпарға қатыстырған. Ол ерекше жүректілігімен көзге түскен. Сол уақыттың өзінде көрші тұратын ел бір-біріне шабуыл жасап, тонап, ...
бүкілодактың алдымен кәсіподақ ұйымдары бар барлық бастауыш дене тәрбиесі ұжымдарында заводтар мен фабрикаларда, кәсіподақтарда, оқу орындарында, мекемелерде кәсіподақ ұйымдарында өткізілді. Бұл жарыстарда барлық ерікті спорт қоғамдарында есепте тұратын спортшылар түгелдей қатысты. Жарыстар 1932 ж. Ленинград (қазіргі қ...
командапық ойын. Әрқайсысының өз алаңы бар командалар еркек, әйелден тұрады. Қазір Бельгия мен Голландияда ғана алаң үш аумаққа бөлінеді. ''Ойынның мақсаты:'' қарсы жақтың алаңына орналасқан шығыршыққа допты көбірек түсіру. Ойын кезінде қарсы команданың спортшысына жанасуға, соқтығысуға рұқсат етілмейді және допты өз ә...
'''Тасөткел бөгені''' Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде, Ақсу өзенінің Шуға құйылатын тұсында орналасқан. 1963 жылы іске қосылып, 1974 жылы қайта жөнделген. == Гидрологиялық сипаты == Ауданы 78 км2, ұзындығы 18 км, енді жері 8,5 км, орташа тереңдегі 8,0 м, ең терең жері 31,0 м. Шарасы толған кездегі мөлшері 620 млн м3. С...
'''Михаил (Мамашариф) Гиясович Фаязов''' (15 маусым 1925, Тараз қаласы 30 қазан 1990, Наманған облысы) 2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы, гвардия лейтенанты, взвод командирі. Өзбек ұлтынан шыққан. Орта мектепті бітіргеннен соң малдәрігерлік техникумда оқыды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз қаласы...
'''Ферғана көтерілісі''' 1875 жылғы жазда Ферғана өңірінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған халық қозғалысы. Оған Қоқан хандығының соңғы билеушісі Полат хан басшылық етті. Ол көтеріліске бүкіл Түркістан өлкесі халқын тарту мақсатында өзінің сенімді өкілдері арқылы қауырт үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді....
'''Ат жарыс''' көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен бірге тай, құнан, жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айда...
'''Ат кекілін кесу''' қазақы ортадағы әдеттік құқықтық қатынасты реттейтін ғұрыптық мәні бар үрдістің атауы. Адамаралық, тіпті, руаралық қатынастар мүлдем үзілді дегенді білдіретін ғұрыптық шара. Бұндай құбылысқа бірден бір себепкер адам өлімі болды. Құныкер (кісі өлтіруші) жақ пен құн талап етуші (кісісі өлген) жақтың...
'''Ат құйрығына тану''' байырғы дәстүрлі құқықтық жазаның ең ауыр түрі, ауыр қылмыс жасаған айыпты деп танылған адамды ат құйырығына байлап өлтіру. Ертеректе мұндай жазаға дәстүрлі ортада қауымның (ру, әулет, ата) абыройына нұқсан келтірген, дәстүрлі қатынас нормаларына жат, өрескел әрекетке барған айыпкерлер кесілді. ...
'''Ат майлау''' атты үнемі баптап, мініске дайын етіп бабында ұстау. Қазақы ортада барымташылар, мал ұрлайтындар ұзақ жүріске шыдайтын етіп ат баптаған. Осы іспен арнайы шұғылданатын адамды aт майлаушы деп атаған. Кейінгі кезеңдегі экономикалық өзгерістерге байланысты ат майлаушы белгілі бір пайда табудың (яғни «мал та...
'''Ат ойнату''' дәстүрлі ортада ауылға, біреудің иелігіне атпен шауып келіп, айғай-шу, дау-жанжал шығарып, сес көрсетуді білдіреді. Ат ойнату әдеттік құқық бойынша ауыр қылмыс болып есептелген. Өйткені, мұндай қылық көшпелі ортада атпен жүрудің қалыптасқан этикалық нормалары мен қағидаларын өрескел бұзу болып табылады....
'''Ат ойындары''' атқа байланысты ұлттық ойын түрлері. Яғни aт жарыстыру (бәйге түрлері бірнешеу), жорға жарыстыру, қыз қуар, көкпар тарту, аударыспақ, ат үстінде садақ тарту (жамбы ату), теңге ілу, ат омырауластыру, атты ордан қарғыту, мүше алып қашу, тай жарыс, құнан жарыс, тоқбәйге және тағы басқалар. Қазақтар тойла...
'''Ат ойыншық''' ертеде тастан қашап жасалған бала ойыншығы. Р.Карутц еңбегінде қазақ балаларының жұмсақ жынысты тастың бір кесегін жылқы пошымына келтіріп қашап ойып жасайтыны туралы баяндалады. Атты тастан, саз балшық, сүйектен жасалады. Артқы тұсына аттың құйрығы іспеттес бірнеше қылды топтастырып, ықшамдап бекітеді...
'''Ақта''' қойшының асы. Ертеде қойшылар далада сиыр сауып ақта істеген. Олар сүтті қарынға құйып оның құрамын ауа шығып тұруы үшін екібасын шапқан жілікті ауыз тұсқа түтік ретінде орналастырады. Содан кейін жеpre көміп, үстіне от жағып пісіреді. Тасты ысытып алып, ко салып дайындалған осыған ұқсас түрі қорықтық деп ат...
'''Таспа''' (''Таспашөп'', ''Сеңгірлек'', () бұршақ тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін, бұта, бұташық өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында тараған мыңға жуық түрі бар. Бұдан малдың жеуіне жарайтындары 70 шамалы. Соның ішіндегі бастылары: ақбас жоңышқа, қоңырау, та...
'''Ат тағалау''' көбінесе мініс және жорық аты тұяғының табанына тағаны шегемен бекіту үрдісі. Яғни тек алыс жолға немесе қыста мінілетін аттарды тағалайды. Қыстыгүні тағалы ат мұз бен тоңда таймайды. Кейде жұт жылдары да тай және құнан сияқты жас жылқыны өзіне шақ тағамен тағалайды. Ат тағалау таулы-тасты күдір жерлер...
'''Ақтабан етік''' табанына ақ түсті сапасы төмен ұлтан салынған ер адамның қисық табан аяқкиімнің атауы. Табанындағы ұлтанға байланысты ақтабан етік аталған. ҚР МОМ қорындағы (КП 26300/7) Ақтабан етік қара былғарыдан тігілген қонышы мен өкшесі бірге, ал керсені (басы) жеке пішілген, іші коңыр терімен астарланған. Қоны...
'''Ақтабан сойыл''' көп ұсталып, қолдың табы көп түскендіктен ағарып кеткен ұрыс, әрі қорғаныс қаруы есебінде қолданылды. Әдетте, қайың немесе емен сияқты төзімді де, мықты ағаштан жасалынды. Қамшысы бар білектей, Айбалтасы күректей, Сойылы бар ақтабан, Бәйгесі бар баптаған, Жылқышыға сенеміз. Сонымен бірге, ақтабан со...
'''Аттұмар''' магиялық, мистикалық сенімдерге негізделген, тіл-көзден сақтайтын ат мойнына тағылатын фетиштік зат, тұмар түрі. Құран аяттары жазылған дұға немесе жеті түрлі зат салынған тіл-сұқтан сақтайтын заттар жібек, қымбат матадан, күдері былғарыдан үшкіл пішінде жасалған тұмар қаптың ішіне салынады. Оның ұзындау ...
'''Ат тұяғын тазалағыш''' мініс атының тұяғын тазалауға арналған теміртектен жасалған құрал. Саз, балшықты қиыршық тасты өңірлерде ат табанына саз балшық жабысып, ол тұраның жүрекшесін, жұмсақ еттерін зақымдамас үшін ат тұяғын тазалайтын құралмен ыршып, сүртіп тазалайды. Көбінесе жазғытұрым және күзге қарай жиі тазалан...
'''Ақтай құда''' екі адамның әйелдері бір мезгілде екіқабат болып, босанбай тұрып, кұдаласу түрі. Олар «егер сенің әйелің қыз туып, менің әйелім ұл туса немесе керісініие, менің әйелім қыз туып, сенікі ұл туса екеуміз құда болайық» деп сәбилер тумай жатып-ак өзара келісе береді. Мұндай құдаласу түркі қазақ әдеби тілінд...
'''Ат шана''' қысты күні қар, мұз үстінде жүру үшін атқа жегілетін көліктің атауы. Ат шананың сүйегі жеңіл болу үшін қайың, емен, тал тәрізді төзімді, иілгіш, берік ағаштардан құрастырылады. Жерге үйкелетін табан бөліктері темірмен қапталады. Жердегі кедергіге тіке соқтықпас үшін, ат шананың табан ағашының басы иіліңкі...
'''Ақтал ау''' қазақ ұғымында құтпан малды аталық қуатынан қан шығармай айыру, яғни пішу тәсілі. Малдың аталық қуатынан айыратын ақтау тәсілінің тарту, жаншу, мыту, біздеу деген түрлері бар. Бұлар да өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді. Тарту қозы, лақты пішудің қан шығармай жасалады, яғни ұманың сыртынан ұрықтүтігін т...
'''Ақторық''' патшалық Ресей кезінде Ертіс жағалауындағы әскерилер есебіне берілген жерлеріндегі қазақтар жалға алып пайдаланатын жайылым атауы. Ақторық үшін қазақ ауылдары түтін басына 40-50 тиын мөлшерінде салым төлеп тұрған. Ақторықты қазақтар көктеу-күздеу үшін пайдаланды. Көптеген ауылдар өз жайлауларына жету үшін...
'''Ақтұйғын''' қаршыға тұқымдастарына жататын жыртқыш құстардың ішіндегі ең қыран құс. Негізігі аты тұйғын, қазақ құсбегілері түсінің аппақ болып бітуіне орай көбінесе "ақтұйғын" деп атайды. Оның жоны ақ, дене бітімі жұп-жұмыр болып келеді. Қазақстанның шөлейт өлкелерінен басқа өңірлерде сирек те болса кездеседі. оңға ...
'''Тастөбе''' сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: == Елді мекен == Тастөбе Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. Тастөбе Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Тастөбе ауылдық округі орталығы. == Көне қалалар == Тастөбе Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Тастөбе ауылының маңындағы көне...
'''Ақтық дем''' қазақ түсінігінде адамның жан тапсыpap алдындағы соңғы демі, соңғы тынысы, кеудеден жаны шығар сәт. Ол қазақ түсінігінде сондай ыстық, ірі, күшті болып кеудені керіп шығатын тыныс. Ақтық дем үстіндегі адамның айтқан тілегі бұлжытпай орындалуға тиіс. Адамның ақтық демі шьққан кезде иман айтып, кәлима оқы...
'''Ата жау''' дәстүрлі ортадағы әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірінде орын алған қайшылықтар барысында пайда болып, кейінгі ұрпаққа жалғасқан өшпенділік, кегі бар, жау дұшпан саналған адамдар. Бұл құбылыс бір-бір әлеуметтік топқа жататын адамдар арасында және билеуші мен бұқара халық арасында орын алды. Дәстүрлі ор...
'''Ақтық қою''' қазақтың дәстүрлі өлік жөнелту, аза тұту салтында орын алатын рәсім мата түрінде үлестірілетін кәде. Дүниеден озған адамның жылдығын бсрген кезде өлікке арнап сойған аттың басын бөлшектемей, сындырмай бүтіндей асып үлкен табақпен тартқан кезде, сүйектің үстіне «ақтық» деп аталатын ақ мата қояды. Омы аят...
'''Ата жолы''' қазақтың өлікті жөнелту ғұрпында орын алған рәсім, жерлеуге қатысушы ру өкілдеріне немесе үш жүздің үш өкіліне бір-бірден шапан үлестірілу дәстүрінің атауы. Жетісу қазақтарында бұл рәсім марқұмның отбасының жағдайына байланысты шапан, кездеме мата түрінде немесе әртүрлі заттар таратумен атқарылды. Бүгінг...
'''Ақтылы қой, алалы жылқы''' қазақы салтанат пен байлықты бейнелейтін метафоралық образ, дәстүрлі ұғым. Шұрқырап жатқан бір жылқы Тоғай сайын мың жылқы, Есебі жоқ көп жылқы Жиделі Байсын даласы. Өз алдына бір бөлек, Торысы мен қарасы. Аңдай болып көрінген, Бозысы мен аласы, деп келетін өлең жолдары қазақы ортадағы бай...
'''Ата сақал''' ер адамның астыңғы иегінің ортасындагы түк. Дәстүрлі ортада орта жастан асқан ер адамга ата сақалын өсіруіне рұқсат етіледі. Ата сақал қоятын адам өзінің жолы мен жасы үлкен жақындарының келісімін алады. Яғни ата сақал аузына түскен деген сөз орамы қазақы ортадағы қалыптасқан, жас ортасына жетіп, ақыл-о...
'''Ата-баба''' санатының қазақ этносының дәстүрлі төрт деңгейіне сәйкес төрт түрлі мағынасы бар. Бірінші мағынасы жеті аталық ру-қауым деңгейінде жеті буын рулық-туыстық қатынастар жүйесіне кіретін барлық руластардың ортақ ата тегінің, яғни жетінші атаның атауы. Алайда, бұл ұғым кейде жеті атадан тарайтын бақилық болға...
'''Ақтігер''' үш-төрт қанатты, екі үзікпен жабылатын киіз үйдің шағын түрі. Осы үй туралы: Арғымақ ару аттар сескенсе, Ақтігердің қарсы алдында жусар ма? Ойда қазақ көп жортса, белдерін Күміспенен құрсар ма? деп ертедегі ақын-жыраулар шығармаларында (Шалкиіз жырау) айтылады. Ақтігер үйді алыс жайылымда, көш жолдарында ...
'''Ақшелектің майына шақыру''' түйенің тоқпан жілігінен түсетін майлы кәделі асқа шақыру. Бұл кәделі астың түріне жатады, әрі ең сыйлы адамның алдына тарту етеді. Ақшелектің майына шақыру салты Қазақстанның батыс өлкесінде осы кезге дейін жақсы сақталған. Түйенің ақшелегіне жерік болған әйелдер жүректі ұл, қол бастайты...
'''Ата-баба жолы''' қазақтың дәстүрлі дүниетанымында ата-баба жолы көшпелілердің ежелден орныққан өмір салты, оның ілкімді принциптері мен нормаларының бірегей жүйесі. Ата-баба жолының когнитивтік бейнесі немесе кеңістіктік образ-моделі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман». Яғни «ақ түйенің қарны жарылған» дейтін...
'''Тастөбе қорғаны''' б.з.б. ғ-лар ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақшолақ бекетінен оңт-ке қарай 5,5 км жерде орналасқан. 1940 ж. Геромин Пацевич, 1946 48 ж. Н.Ф. Федин зерттеген. Сыртқы көрінісі төрт бұрышты, аумағы 45 м, биіктігі жер дуалмен қоршалған. Оңтүстігінде үш мұнараның орны сақталған, биіктігі м. Қа...
'''Ақшом''' астық алып қайту үшін алые сапар шегетін түйелі керуен. Қазан төңкерісіне дейін, әсіресе, XIX ғасырда көшпелілер арнайы шыққан түйе керуендерін күтіп отырмай, күзгі астық бастыру кезінде алдын ала жасалған келісім бойынша егіншілерге жалданып жұмыс істейтін. Ақысына астық алатын. Сондай-ақ, малдарын астыққа...
'''Ақы киім''' өлікті жөнелту ғұрпында үлестірілетін кәде киімі. Ақы киімін арулауға, яғни мәйітті жууға қатысқан үш адамға беріледі: басына түскенге тымақ, ортасына түсушіге белбеу, аяқ жағына түсушіге етік беріп, әр қайсысына сырт киімдік пұл немесе дайын шапан, жейде (ақтық пұл) қосады. Төртінші адам мәйітке су құйы...
'''Ақық тас''' қымбат тас, жалтылдап тұратын, түсі әр түрлі (қызғылт күлгін, қызыл, күреңқызыл) түсті асыл тас. Бұл бағалы таспен ақық көзді қапсырма, ақық моншак, ақықтан көзі бар сырға т.б. зергерлік әшекей бұйымдар жасалады. Ақықтың түсі қоңыр қызыл немесе ақ пен қоңыр қызыл түстердің кезектесіп түсетін жолақты, ал ...
'''Ақыле''' саят құстарында кездесетін буын құрт ауруы. Ақыле болған құстың аяғы мен жіліншіктері немесе саусақтағы буындары ісіп кетеді. Қатты ауырсынған құс жүдеп кетеді. Бұл құрт ауруы асқынғанда кеудеге шауып кетеді. Ақыле болған кұстың іскен аяғын жылы сумен жуып, имиынды қою қылып езіп, іскен жеріне жағады. Үш-тө...
'''Ақым''' мәйітті жерлейтін көрдің қуысы. Ақым шығару үшін алдымен кіндікке дейін тік қазады да, кейіннен жанынан жармалап қазады. Жетісу қазақтарында катакомбы қабір көп тараған, ол үш әлементтен: құдық, өтпелі қуыс және жерлеу камерасы ақымнан тұрады. Құдығы төртбұрышты ұзындығы шамамен 1,5x2,30 м, (ұзындығы жағынан...
'''Ақымар''' шариғат бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқан әйелдің пайдасына бөлінетін мал-мүлік, өзі күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық заттары, яғни әйелдің еншісі. Ақымар малдай, жылжымайтын мүлік немесе ақша түрінде де берілген. Күйеу ақымарды өзінің дүние-мүлкінен басқасын халықтың алдында жазылған тізімсіз бөліп...
'''Ақыр''' малды бордақылауға, суаруға, жем-шөп беруге қолданылатын іші шұңғыл ыдыс. Оны астауға ұқсас етіп тақтайдан қиюластырып жасайды. Ақыр шөптің, жемнің шашылмауына себін тигізеді. Көлемі жем-шөп берілетін малдың байланысты болады: сиыр мен жылқының ақыры үлкен әрі бойлары еркін жететін қалыпта биіктеу орнатылса,...