text stringlengths 347 53.1k |
|---|
'''Ақырет күнi''' (араб, ахирәт соңы, аяғы) діни түсінік бойынша мэңгілік өмір, дүниедегі өмір. Ақырет күні адамдар қайта тіріліп, мэңгі өмір сүреді, жақсы-жаман іс-әрекеттер таразыланып, эділ жаза беріледі. Ақыретте адам Аллаға, пайғамбарға және дініне байланысты сұраққа тартылады. Ақырет ислам іргелі ұғымдардың бірі.... |
'''Ақырет сандық''' кәрілік жасқа жеткен адамның дүниелік болғанда тұтынылатын, артын атқаруға қажетті ғұрыптық заттарды салып сақтайтын сандықтың атауы. Онда адамның ақырет кебінін, жыртысқа қажетті матаны, арулауға қажетті дүниелер салынады. Ол тек сандықта емес, абажа, абдырада сақталуы мүмкін. Сенімді келіндері мен... |
'''Aлa арқан''' ақ пен қара жіптен аралас етіп есілген арқан түрі ғұрыптық және мәнді бұйым. Оның символикалық мәні тоқтаусыз алмасып келіп отыратын күн мен түннің антиномиялық байланысын бейнелейді. Сонымен бірге магиялық күші бар деп есептелді. Қазақта ала арқан мен ала жіпке қатысты өте көп. Аяғы ауыр әйелге арқан е... |
Татищев Василий Никитич '''Василий Никитич Татищев''' (19 сәуір 1686, Псков 15 шілде 1750) Ресейдің саяси қайраткері, тарихшы. Түркі текті помещик отбасында дүниеге келген. Мәскеудегі артиллерия мектебін бітірген. == Өмірбаяны == Солтүстік соғысына (1700 21) қатысып, Петр I-нің түрлі әскери, дипломаттық тапсырмаларын о... |
'''Ала арқан қию''' ала түс, оның редукцияланған лексикалық формасы ала ежелден ерекше қасиетті ұғымға айналды. Ол тіршілік атаулының ақ пен қарадан тұратындығын және осы екі түстің өзара антиномиялық байланысы тіршіліктің диалектикасы болып табылатындығын ежелгі көшпелілер өздерінің сан алуан ырым-тыйымдары мен ұстаны... |
'''Ала балта''' басы әшекейлі жауынгерлік балта. Айбалта басын ою-ернекпен эшекейлеу көшпелі халықтарда көнеден келе жатқан дәстүр. Қазақ ұсталары кейбір балталардың бастарын алтын- мен және күміспен бұлау, алтынмен және күміспен қақтау әдістерімен әшекейлеп жасаған. Бұл дәстүрдің негізінде қаруды мифологиялық космосты... |
'''Ала басқұр''' терме алаша әдісімен өрнектелім тоқылған басқұр түрі. Бұл басқұр сәндігімен қатар киіз үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін тасалау мақсатында жасалады. Ала басқұрдың тоқылу әдісі терме алаша тоқылған дай, ормек құрып, әр түсті жіптерден терме тері, өрнектердің алуан түрін пайдаланады. Басқұрдың қ... |
'''Михаил Павлович Фролов ''' (27.9.1916, Ресей, Алтай өлкесі, Поспелиха поселкесі 9.11.1991, Украина, Ялта қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, танк ротасының командирі. Орыс. Алматы қаласында орта мектепті оқып, 1939 жылы Барнаул педагогикалық институтын бітірген. Орта мектептің директоры болған. 1940 ... |
Ортағасырлық мұз үстінде сырғанауға арналған жабдық. Негізі өткір және аяқкиімге бекітілетін екі қосымша аумағы шағын екі мойыннан тұрады. Конькидің ең көне түрлері болып 1948 ж. қазба жұмыстары кезінде Қазақстанның Қостанай облысының (Садчикова селосының маңынан) табылған қола дәуірде жылқының қабырға сүйектерінен жас... |
коньки спорты''', XIX ғасырдың аяғынан бастап пайда болды. Түркістан өлкесінің Г. Колпаковский Кіші Алматы өзенінің бойымен жоғары өрлеп барып Көкқабақ төбесінің бауырынан Көкжазық деп аталатын шағын тегіс алаңқайды іздеп табады. Бұл осы жылдары конькимен сырғанау модаға айналған жылдар екен. Санкт-Петербург қаласында ... |
'''Алма-кезек алға қарай сермелген екі қол қозғалыска екпін береді.''' Қимыл бір қалыпқа түскеннен кейін конькиші қалыпты отырысына келіп сырғанау қарқынын үдете түседі. Осы сәтте екі қолын белінде айқастыра ұстайды. 500, 1000 және 10000 метрге сырғанау кезінде екі қолды кейде бір қолды үнемі алға сермеп отырады. Осы с... |
'''Халықаралық қарақшылық''' халықаралық сипаттағы қылмыс. Халықаралық құқықта жеке иеліктегі кеме немесе ұшу аппараты экипажының немесе жолаушыларының пайдакүнемдік мақсатпен ашық теңізде немесе қайсыбір мемлекеттің ұлттық хүкіметінен тыс жерде басқа кемеге немесе ұшу аппаратына, олардың бортындағы адамдарға немесе мү... |
'''Атажұрт'''- этникалық ұжымның (ру, тайпа, тайпалық одақ, елдің) байырғы ата-бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп-өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені. Қоғамдық- әлеуметтік корпоративтік қатынастардың, жер-суға байланысты ұжымдық меншіктің, ру, тайпаралық құқықтық қатынастардың негізінде ... |
'''Атала''' суға ұн немесе талқан шылап жасаған суық көже. Үйде көжек атыққа ет қалмағанда бармақ басындай майды шыжғырып, болмаса қайнаған қара суға ұн немесе диірменге тартылған талқанды шылап, күйіп кетпес үшіп астының отын баяу жағып қайнатып атала жасаған. Ертеректе тісі жоқ қарт кісілер мен тамағынан ас өтпейтін ... |
'''Таукент''' Түркістан облысы Созақ ауданындағы кент, Таукент кенттік әкімдігі орталығы. == Географиялық орны == Аудан орталығы Шолаққорған ауылынан қарай 35 км-дей жерде. == Халқы == 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3575 адам (1721 ер адам және 1854 әйел адам) болса, 2009 жылы 6551 адамды (3194 ер адам және 3357 ә... |
'''Аталас''' бір атадан тараған, өзара қыз алыспайтып қауым, ру тармағы, ру аталарының ұрпақтары. Қазақтың жеті атаға дейін аталас туысқа саналып, отбасы құруға рұқсат етілмеген. Бұның түйіні тағы да «адамның ана сүйегін, әке қанын, Тәңірі жанын береді» деген өзіндік философиядан туған. Солай дей тура «қыздан туғанның ... |
'''Дәмір Қасымбекұлы Халықов''' (31.8.1958 жылы туған, Қостанай қаласы) әскери қайраткер, генерал-майор (2001). Свердловскідегі (қазіргі Екатеринбург) Суворов әскери училищесін (1975), Челябинск жоғары танк командалық училищесін (1979), Мәскеудегі сауытты танк әскерлері әскери академиясын (1988), РФ ҚК Бас штабыньщ әск... |
'''Аталық мал''' үйірге салатын тұқымдық, құтпан мал. Әлбетте көшпелі мал шаруашылығында аталық малға суыққа төзімді, өсімтал, денесі шомбалдау келген кесек сүйектілері іріктелінді. Дәстүрлі халықтық білімге сәйкес суыққа төзімді болады деп аталық малға әдетте, баран түстісін таңдады. Халық мұның мәнін баран түстен суы... |
'''Биік таудағы мұз айдыны''', теңіз деңгейінен біраз биіктікке орналасқан мұз айдындары. Оның төменде жатқан мұз айдындарынан айырмашылығы айналасын тау қоршап жатқандықтан желсіз, тымық, ауасы таза әрі қысым тығыздығының төмендігіне байланысты сырғанауға жеңіл болады. Бұлардың барлығы атмосфералық қысымға және мұздың... |
'''Бұрылыста сырғанау''', әдісінің кейбір ерекшеліктері бар. Бұрылу басталар алдында соңғы қадам оң жақтағы конькимен жасалынады да, дененің салмағы сол қапталға ауысады, сол аяқтағы коньки мұзға сол қырымен тіреледі. Күштің негізі салмағы түскен оң аяқтағы коньки мұзға барынша итеріліп, конькиші сол аяқтағы конькиінің... |
'''Атанды босағаға байлау''' енші бөлу дәстүрінде орын алған рәсім атауы. Ата-анасынан енші алып шыққан ұл балалары отау болып шығар кезде еншіге наразы болмаса, онда үлкен қара шаңыраққа, кемпір-шалдың батасын алып, алған еншісінен таңдаулы ат немесе атанды босағаға байлап шығуы тиіс. Алған еншісінің көлеміне қарай ат... |
'''Атаукере''' ғұрыптық ас, ауру меңдетіп, ажал төнген, дүниеден озуға жақындаған адамның ең соңғы жеген асы. Қазақстанның шығыс аймақтарында атаукере деп айтылылса, ал басқа өңірлерде атау, атау суы немесе кере деген балама атаулары да бар. Бұл адамның жантәсілім етep алдында «бой жасау» деп аталатын азғана бір сәтке ... |
'''Атауыз''' ағаш шеберінің бұйымды қысып қойып, жонуға, сүргілеуге, кесуге арналған көмекші құралы, қысқы. Аспаптың бұл түрінің затты қысатын бас жағы аттың аузына ұқсаған үлкен, әрі ірі тісті болып келетіндігіне байланысты осылай аталған. Атауыздың жетілдірілген бір нұсқасында онымен жұмыс істегенде оның тепкішегін қ... |
'''Атбәйге''' ат жарысында озып келген атқа берілетін сыйлықтың, жүлденің, марапаттың ең кәделі түрі. Дәстүрлі ортада ат жарысында озып келген бірнеше (ондаған) атқа және көмбеге дейін шапқан ең соңғы атқа (оны көктайынша деп атаған) бәйге берілген. Бәйгеге қатысушылардың барлығы көмбеге келіп жиналғаннан кейін, бәйген... |
'''Атбілезік''' иесінің орны мен байлығының белгісі ретінде оның тол атының аяғына салынатын құйма білезік түрі. Ертеде сирек кездескен мұндай дәстүрлі ортада аса жоғары құнға ие жорға, жүйрік және салтанат үшін мінілетін аттардың аяғына салынды. Ауыз әдебиеті деректерінде сал мен серілердің әрі әшекей, әрі тұмар ретін... |
'''Сәуірдің 13''' Григориан күнтізбесінде жылдың 103-ші күні (кібісе жылдарда 104-ші). Жылдың аяғына 262 күн қалады. == Мерекелер == == Оқиғалар == 2009 жылы Семейде Шәкәрім (1858-1931) жаңа фотосуреті табылды. Фотосурет Қазақ Автономды Кеңес Социалистiк Республикасының Семей губерниялық жер басқару Наркомземның арнайы... |
'''Тауқұм''' Шу-Іле таулары мен Іле өзенінің төменгі бөлігі аралығындағы құмды алқап. == Географиялық орны == Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде. Батысы Балқаш көлінің жағалық ойпатына, оңтүстігі Күрті өзеніне тіреледі. == Жер бедері == Аумағы 8300 км2, ұзындығы 200 км, ені 60 км. Тауқұм Мойынқұм, Сарытауқұм, Қорғанқұ... |
'''Конькишінің отырысы,''' сырғанау кезіндегі спортшының денесін ұстау қалпы денесі алға қарай еңкейіп, аяғы жамбас және тізе буындарынан бүгіліп ұсталады. Отыру ''төменгі'' және ''жоғары'' қалып болып бөлінеді. Егер аяқ буындары неғұрлым көбірек иілсе, бұл төменгі; ал аз иілсе, жоғары қалып болып есептеледі. Конькишін... |
'''Халықтық майдан''' –халықтық фашизм мен соғысқа қарсы, демократия, әлеуметтік прогресс пен ұлттық тәуелсіздік үшін күрестегі халық бұқарасы ұйымының формасы. Халықтық майдан 20 ғасырдың 30-жылдарында пайда болды. Германияда фашистердің өкімет билігін басып алуы (1933), Италиядағы фашистік диктатураның күш жинауы, Фр... |
'''Константин Юрьевич Коротков''' (18. 06.1961, Өскемен), ХДСШ-і (1982). Қаз КСР- інің ЕСЖ-сы М. Шабалинның басшылығымен Коротков спортымен 10 жасынан бастап айналысты. Республиканың әлденеше мәрте чемпионы әрі рекордшысы. Кейін ж-шы К. Костусенконың басқаруымен 1983-84 жылдары КСРО чемпионы, Еуропа чемпионатының қола,... |
'''Атжабу''' ертеректе ерекше статустың, байлық пен барлықтың белгісіне саналған жылқы әбзелі, жамылғы түрі. Дәстүрлі ортада қолы жеткен адам», беделді, ауқаттылар аттарына аңның терісінен де жабу салған. Жолбарыс, албарыс (ілбіс), сілеусін, терісінен жабу салу ерекше мәртебенің көрінісі болған. Соған байланысты қылқұй... |
революция''' Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыс жағдайында және одан кейінгі кезеңде болып өткен қоғамдық-саяси процестердің маркстік әдебиетте бейнеленуі. Германия және Италия фашизмі мен жапон милитаризмін талқандау, Бұл елдерді Кеңес армиясының азат етуі жағдайларында онда КСРО-ның көмег... |
XX ғ-дың екінші жартысының басында АҚШ-та пайда болған командалық спорт түрі. Әр командада әйел еркек бар небәрі 10 адам болады. Әйелдер әйелдермен, ерлер ерлермен бәсекеге түседі. Жарыс түйетайлығы 309 тректе өтеді. Әр спортшы өз кезегі келгенде 12 минут сырғанайды да бір көште 60 км. қашықтықты өтеді. Осы аралықтың е... |
'''Түзу жолда сырғанау''', бірден жоғары шапшаңдық (әсіресе қысқа қашықтықтарда) алып кету үшін спортшы сөреден шығу сәтін дұрыс бастауы керек. Сөреге "на страт!" бұйрығы берілгеннен кейін конькиші сызығының бойына оң жағына жартылай бұрылып тұрады. Сөре сызығы мен дененің ара қатынасы 40° шамасында, сол қол алдыңғы жа... |
'''Хан кеңесі''' Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің ұйғарымымен 1827 жылы құрылған билер алқасы. Құрамына әр рудың беделді билері енген. Ресми құжаттарда «Ханның билер кеңесі» деп те аталады. Хан кеңесі жергілікті хандық билік жүйесіндегі ең жоғарғы орган болып саналған. Кеңес мүшелері маңызды саяси мәселелерді талқылап, х... |
'''Кенжеш Садыққызы Сарсекенова''' (17 қазан 1972, Аякөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы) қазақстандық конькиші, жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстанның, Әлемнің екі мәрте жеңімпазы, 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия), 1994 жылы Нагано (Жапония) қысқы Олимпиялық ойынға қатысушы, қысқы Азия ойындарына (1999, Оңтүстік К... |
жарыстар өтетін мұз айдындарынан басқа да жай адамдардың әсіресе балалардың демалуы, ойнауы үшін сырғанақтар қатырылады. Негізінен осындай сырғанақтардың үш тобы бар: Олар қыс айларында беттері қатқан өзен-көлдердің, су қоймаларының үстіндегі қардан тазаланып жасалатын сырғанақтар; аулаларда, ашық алаңдарда, шағын спор... |
'''Таусағыз''' () астралылар тұқымдасына жататын көп, кейде екі жылдық шөптесін өсімдіктер не жартылай бұта. Негізінен Орталығы Еуропадан Шығыс Азияға (оның ішінде Орталық Азия мен Кавказ) дейінгі құрғақ аудандарда өсетін 170-тей түрі бар. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола облыстарында, Іле, Күнгей, Т... |
'''Роликті конькилер''' арнайы жасалған жолдың үстімен (трек, тас жол) сырғанауға арналған аяқ-киім. Роликті конькимен сырғанау XVIII ғасырда пайда болған. Әсіресе XX ғ-дың 30-шы жылдарында онымен көп адамдар әуестенген. Ер адамдар 410 ярдтан мильге (100 м,- 8км.), әйелдер 440 ярдтан- мильге (100 м.-1.612 км) дейінгі а... |
'''Атажұртпен қоштасу''' түрлі тарихи жағдайлага байланысты елге, жерге деген махаббат, әр замандағы оқиғаларды арқау еткен ғибратқа толы жыр айту рәсімі. Тілді, жерді сүюге тәрбиелейтін өнегелік жақтары бар қоштасуда ел мен жердің салтанатты, берекелі кезеңін суреттейді. Бұл отаршылық басталардағы «зар заман ақындарын... |
'''Мам Унденович Хван''' (1.05. 1930, Владивосток, РФ), Республикадағы КСРО ның тұңғыш еңб.сің СШ-і (1958), ҚазКСР-інің еңб.сің СШ-і (1962). XX ғасырдың 60-шы жылдары О. Шабаров, И. Назаров, В. Гейдрих, В. Троцкий, К. Серегина, Н. Солдатова және атақты конькишілерді дайындады. П.ғ.к-ты, профессор, ғылыми бағыты "Биік т... |
'''Петр Николаевич Шабалин''' (6.02.1947, Барлымова селосы, Удмурт АССР-і, РФ). Әртүрлі қашықтықтарға сырғанауда республиканың әлденеше мәрте чемпионы және жүлдегері. 1972-77 ж.ж. қазақ дене тәрбиесі институтының аға оқытушысы, 1978-91 ж. республикалық мектеп-интернат директорының орынбасары, 1991-2000 ж.ж. спорт ойынд... |
'''Виктор Владимирович Шашерин''' (23.10.1962, Алматы), еңбек сіңірген СШ-і. Республиканың әлденеше мәрте чемпионы әрі рекордшысы. КСРОқұрама командасының санында 10 жыл болды. Көптеген халықаралық турнирлердің соның ішінде ҚазКСР Министрлер Кеңесі турнирінің жеңімпазы, Әлемнің рекордшысы (23.03. 1984; 5000 м.-6.49,15;... |
XIX ғасырдың соңына таман пайда болған спорттың бір түрі. Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Әйелдер де, ерлер де 1500, 500, 1000 және 3000 метрлік қашықтықтарда күш сынасады. Бірінші орын алған спортшы 5, екінші орын алған спортшы 3, үшінші орын алған спортшы ұпайға ие болады. 1000 және 1500 метрлік қашықтықтарда мәрег... |
'''Мадиғали Абдығалиұлы Қарсыбеков''' (12.02.1956, Алматы облысы, Қаскелең ауылы), Қаз. еңб. сің.СШ-і (1999). 1977 ж. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын к.с.-ты мамандығы бойынша бітірді. 1979-85 ж. к.с.-нан жаттықтырушы болып қызмет істеп, 1989 жылдан Ақтөбе қаласындағы қысқы спорт түрлері балалар мен жасөспір... |
'''Елена Владимировна Синицина''' (3.10.1971, Рудный қаласы, Қостанай облысы) қазақстандық шорт-текші, Спорт шебері (1991). Рудный индустриалды институтын бітірген "Горняк" спорт клубында тәрбиеленді. Жасөспірім қыздар арасындағы КСРО біріншілігінің 1000 м. және 3000 м. жарысудағы, КСРО кубогінің күміс жүлдегері. ТМД е... |
'''Қазақстанда конькиді мәнерлеп сырғанау''', өзінің бастауын 1947 жылдан алады. Республиканың алғашқы чемпионаты 1953 ж. өтті. 1970 ж. Алматыда, 1975 ж. Өскеменде алғашқы жасанды мұз айдындары ашылды. Жыл бойы үздіксіз жаттығуға мүмкіншілік туғаннан кейін к.м. с-шылардың шеберліктері күрт өсті. Мәнерлеп сырғанаудың кө... |
'''Мұз үстіндегі би''', көрініс пен спорттың қатар орындалатын қосындысы. XIX ғасырдың ортасында Англияда мұз үстіндегі театр деген атпен жеке мұз айдындарының біріншілігі ретінде өткізіліп, 1895 жылдарда алғашқы чемпионат өтті. Алғашқыда тек вальс ырғағымен орындалды кейін коньки спорты дамыған барлық мемлекеттерде та... |
Шаңғышы ылдилап бұрылу үстінде Шаңғымен өрге көтерілу сәті '''Тау Шаңғы Спорты''' шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді. Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 700 м, көлбеулігі 100 200 м. Жол бойына қызыл не көк ... |
'''Сальхов секірісі''', бұл секіріс Әлемнің 10 дүркін чемпионы, атақты швед мәнершісі Ульрих Сальховтың есімімен аталған. Мұнда дененің кеңістікте айналуы басқа секірістерге қараганда көбірек және мұздың бетіне тірелетін нық тұрып, жақсы сырғанап, секіруге екпін қосатын бос тұрған аяқтың сілтенуіне жағдай туғызады. Кон... |
'''"Кімді қалайсың?"''' қазақтың ұлттық ойыны. Алдымен ойын бастаушы және "жазалыға" үкім шығарушы хан тағайындалады. "Кімді қалайсыңның" ескі нұсқасында өзі қалаған кісіні оның көршісінен сұрайды, ол келіспесе хан шешімі бойынша "жазалайды". Жаңа нұсқада бастаушы қыз бен жігіттерді жұптастырып отырғызады да, көршілест... |
күресі''', эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің ''ма... |
'''Анатолий Иванович Колесов''' (18 қаңтар 1938, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Литвинское елді мекені қаңтар 2012) КССРО-лық балуан, еркін күрес шебері. == Өмірбаяны == Қазақстанның тұңғыш чемпионы. Қазақ дене тәрбиесі институтын (1955) бітірген. КСРО халықтары алтын медальға ие болды (1959). Колесов он жыл бойы (... |
'''Бастемі қазірет Айтқожаұлы''' (1874, Кеңтүбек ауылы (қазіргі Май ауданы (Павлодар облысы)) 1903) діни қайраткер, қазірет. ==Білімі== Бастемі жыл Бұқарда оқыды, отанына 23 жасында оралды. ==Еңбегі== Кеңтүбек ауылында мешіт ашты, сонда бір мезгілде 80 оқушы оқи алатын медресе салды. Мешіт-медресе ағарту-тәрбие орталығ... |
'''Ахат Сенорович Аширов''' 8.5.1970, Павлодар қ.) дзюдодан халықаралық класстағы спорт шебері (1997). ==Спорт жетістіктері== 1988 жастар арасындағы жасөспірімдер КСРО біріншілігінің қола иегері, Дзюдодан КСРО спорт шебері (1988), КСРО жастар құрамасына енді. 1989 КСРО жастар ойыны, Донецк қ., 3-орын, 1990 Алматы қ. Ха... |
'''Елік Нұрмұханбетұлы Сұлтанғалиев''' (11.02.1947, Алматы қаласы) ХДСШ-і. Республиканың дүркін чемпионы. Көптеген халықаралық жарыстарда, КСРО чемпионатында, КСРО халықтарының республиканың намысын абыроймен қорғады. Бүкілодақтық Спартак ерікті спорт қоғамы біріншілігі, И.Паддубный, Пытлясянский атындағы халықаралық т... |
== Кәсіпқой бокс == Кәсіпқой бокстағы салмақ санаттары. Салмақ дәрежесі, кг (фунт) Бекітілген жыл Санат атауы WBC WBA IBF WBO Boxrec 90,892 (200) дейін 1885 Ауыр салмақ Heavyweight Heavyweight Heavyweight Heavyweight Heavyweight 90,892 (200) дейін 1980 Бірінші ауыр салмақ Cruiserweight Cruiserweight Cruiserweight Junio... |
дзю-до күресі''', республикада жетекші спорт түрлерінің бірі болып есептелінеді. Республикалық чемпионаты 1973 ж. бастап өтіп келе жатыр. Алғашқы жылдары М.Әзімбаев, В.Ярославцев, А.Қамқоев, К.Мысықбаев, Б.Жаңбырбаев, И.Вешагуров, ағайынды Жабраил және Исраил Кодзоевтар республиканың атын шығарды. Біраз жылдардан бері ... |
'''Алексей Аселдерович Атаев''' (01.03. 1941, Дағыстан, РФ), СШ-і. ҚазКСР інің және КСРО- ның ЕСЖ-сы. 1979-84 жылдары Дзю до күресінен республиканың аға жаттықтырушысы болып қызмет істеді. Ол дайындаған команда КСРО чемпионаттарын да және КСРО халықтарының жүлделі орындарға ие болды. Құрама команда мүшелерін дайындаған... |
'''Таушешек''' () көкендер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездесетін түрі: алтай Таушешек (S. altaіca), Тарбағатай таушешегі (S. tarbagataіca) және Тянь-Шань Таушешек (S. tіanschanіca) бар. Бұлардың биіктігі 30(40) см. Тамыры ... |
'''Бауыржан Шекербекұлы Жаналин''' (01.01.1948, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Үлгілі ауылы 18.09.2004, Астана), ҚЕСЖ-сы. Жаттықтырушылық қызметті Балқаш қаласында бастады. 1984-86 жылдары республикалық құрама командасының аға жаттықтырушысы болып қызмет істеді. 1991 96 жылдары самбо күресінен республикалық құрама команда... |
'''Бостан Оңдашұлы Жаңбырбаев''' (23.04. 1963, Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы), ХДСШ-і. ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы. Республиканың бірнеше дүркін чемпионы және КСРО жүлдегері. 2006-2008 жылдары күрес түрлерінен республикалық спорт мектебінің директоры болып қызмет істеді. == Дереккөздер == Санат:23 сәуірде туғандар Санат:19... |
'''Ермек Әбуұлы Иманбеков''' (24.08.1961, Алматы облысы, Қарасай ауданы) дзюдодан республиканың әлденеше дүркін және бүкілодақтық, "Буревестник" ерікті спорт қоғамының чемпионы. Бірнеше халықаралық турнирлерде жеңіске жетті. Халықаралық дәрежедегі және СШ-ін дайындады. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер== Ермек Има... |
Атқы аңшылықта қолданылатын құрал, өзінен-өзі атылатын садаққа ұқсас арнаулы садақ пен жебеден тұратын құрылғы. Атқыны ірі аңдар жүретін жолдарға қаратып, аңның қос өкпе, кеудесіне тиетіндей етіп құрып қояды. Аң жіпті кеудесімен соққанда, оқ атылып аңға қадалады. Атқының садақтан өзгешелігі адамсыз өздігінен атылады жә... |
Атпа суармалы егіншілікте егістік суаратын, сабы үш аяқты мосыға ілінген, биікке су шығарушы құрал немесе үлкен күрек ожау. Ожаумен арнаулы тоғанға жиналған немесе құйылған су eric алқабына жіберілген. Атпада мосыға екі жағын тең етіп, сырық орнатылады. Оның бір басына күбі шелек, екінші басына ауыр нәрселер (зат) байл... |
'''Атпаз'''- бәйгеге қосылатын жүйрік және жорға аттарды бабына келтіруші, жаратушы, күтуші адам. Атбегінің, атсейістің нұсқауымен бәйгеге алдын ала жаратып, жем-суын үйлестіреді, терін алып бабына келтіреді. Сондай- ақ бәйге жолында балаға атты қалай жүгіртудің жолын үйретеді, мінез-құлығы туралы ақпарат береді. Ал мі... |
'''Аламан хан''' асық ойынының түрі. Онда, ойыншылар бір жолда екі адамнан алма-кезек (бірі қалса, екінші) ойнайды. Ойынға қатынасушы әрбір адам әр реткі ойынға жетіден жоғары асық қосады. Сонымен бірге, үлкен, әрі әдемі асықты «хан» сайлайды. Оны ойнаушылардың асығына қосып араластырып, кілем, киіз үстіне шашып жібере... |
'''Аттан''' (ұран) жаугершілік заманда тұтқиылдан жау шапқанда дауыстап дабыл беру, яғни елді жауға қарсы дайындалсын деген белгі беру. Сондай-ақ суыт хабарды білдіру үшін айтылатын «атқа мін», «атқа қон» дегенді білдіретін одағай сөз. Бұл көне заманнан келе жатқан, сөзбен айтылатын, дауыспен берілетін әскери дабыл түр... |
'''Аттарақ''' аттың түгін тарайтын тарақ, жылқыны баптап, күтуге арналған құрал. Ұзақ жол жүру, алысқа шабу, жүк арту т.б. жағдайларда терлеген жылқыдан бөлінген тұз түгіне жабысып, сор болып кеуіп қалған қалдық пен шаң-тозаңды түсіру үшін аттарақпен тарап тазалаған. Оны көбінесе жалпақ қақ сүйектен жасаған. Ол үшін жі... |
'''Аттау'''- май, қаймақ шайқайтын аспап. Оны тегене немесе шараға құйылған қанжылым сүтке жартылай малып тұрып, таяқшасын екі алақан арасында ысқылай айналдырып, май шайқайды. Аттау ағаштан жасалады, қазіргі кезде өте сирек кездеседі. Оның ҚР MOM қорында (КП 23986 /15) екі түрі сақталған: бірі басында ағаштың аша бұта... |
(Paeonіa) сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар. Қазақстанның шығысындағы таулы, орманды аудандарда кездеседі. Қылқан және аралас жапырақты ормандарда өсетін түрі: кәдімгі Таушымылдық (Р. anomala) және дала Таушымылдығы (кейде оны жаушымылдық деп те атайды) (Р. hybrіda) бар. Бұлардың ... |
'''Аттұяқ'''- үлкен, жылқы тұяғымен барабар алтын немесе күміс құйма. Аттұяқ арнаулы қалыппен жасалады. Қазақта «ат тұяғындай алтын» деген теңеу бар. Аттұяқ жөнінде С.Мұқановтың еңбегінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «сол сапарында ол қытайлардан және моңголдардан қойтұяқ», «тайтұяқ», «аттұяқ» аталатын алтын же... |
'''Атты жығу және байлау''' атты емдеу, тағалау, таңбалау сияқты шараларды жасау үшін қолданатын тәсіл. Атты жығудың кең тараған тәсілі аттың алдыңғы екі аяғын қысқа етіп, тусап байлаған соң арқанмен аттың қамшылар жақ артқы аяғының иіідерлігінен шалып алып, оны қайтадан алдыңғы екі аяқтың ортасынан (бекітілген арқан ү... |
'''Атты тарту''' деп ат бәйгесі барысында шалдыққан атты көмбеге таяғанда ердің екі қасынан болмаса шылбырынан немесе қанжығасынан, тіпті, тоқымның екі жағынан демеп көмектесуді айтады. Ат бәйгесі басталардан бұрын бұл рәсімге байланысты шартты алдымен келісіп алады: көмбеге бір шақырым қалғанда, жердің рельефінің ыңға... |
дәстүрлі фенологиялық күн іііыру жүйесіндегі амал атауы. Григориан күнтізбесі бойынша көкек айында қар күрт еріп, жер лайсаң болып, шаруашылыққа қолайсыз мерзімді аласапыран деп атайды. Амалдың кейбір жерлерде өзгеше атауы бар. Көкектің орта кезінде діни аш найзағайдың жарқылдап, күн күркірегін кезін яғни үстікте қызыр... |
'''Алаштың бөлінбеген еншісі''' қазақы ортада қалыптасқан әрі әлеуметтік мәнді ұғым. Алаштың бөлінбеген еншісі жалпы қазақтың ортақ ата тегі түп атасы Алаша хан өзінің қартайған шағында малдарының бір бөлігін өзінде қалдырып, қалғанын үш ұлына бөліп берген нтен аңызбен байланысты қалыптасты. Генеологиялық мифке сәйкес,... |
'''Алғадай''' ертеде жаугершілік заманда жетім қалғандарын жинап, тәрбиелеп, бағып-қағып, соғыс өнері ісіне, адал қызмет етуге баулып тәрбиелеген жеткіншектер. Алайда, бұл ұғымды онтологиялық тұрғыдан дәйектейтеу үшін қажетті деректер жоқтың қасы. Алғадай ұғымы қазақтың көне жауынгершілік хабардар етеді. Әдетте екі жақ... |
'''Бүкіләлемдік бокс кеңесі''' (WBC) кәсіпқой бокс ұйымы. 1963 жылы 14 ақпан күні Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Венесуэла, Мексика, Панама, АҚШ, Филиппин, Чили елдерінің ұлттық бокс ұйымдарымен құрылған. Ұйымға Хосе Сулейман басшылық етеді. Әр жылдары WBC нұсқасы бойынша Мұхаммед Али, Ларри Холмс, Рэй Леонард, Флой... |
'''Алдашы''' қазақтың дәстүрлі түсінігіндегі жанал бейне. Бұл кейіпкер алтайлықтарда бар. Алдашы есте жоқ ерік заманда адамдардың көзіне көрініп келеді де, ажалы жеткен пендені атына мінгестіріп, дүниеге апарып тап сыратын болған екен-мыс. Ол заманда адамдар момын бейуаз, уәдесіне берік болғандықтан маңдайдағы сызығы т... |
'''Михаил Терентьевич Харин''' (1923 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданы Снегирево селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы, топ командирі. Соғыстың бас кезінде әкесі майданға аттанды. 1944 жылы әскерге алынды. 1944 жылдың желтоқсанында Дунай өзенінен Эрни (Венгрия) қаласы маң... |
'''Хачин Георгий Андреевич''' (15.3.1915, Ресей, Башқұртстан, Зилаир ауданы Кананикольское селосы 2.5.1978, Қостанай облысы Жітіқара қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, қатардағы жауынгер. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1937 жылы шақырылған. 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылдың т... |
'''Патшайым Тәжібаева''' (1920 1991) ғылымдарының докторы (1960), профессор. Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Негізгі ғылыми еңбектері Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен кен тастарын зерттеу мәселелеріне арналған. ==Өмірі== Ол 1920 жылы қазіргі Төле би ауданының Қарақия елді мекенінде ... |
'''Благовещенск кафедралы соборы (Павлодар)''' Кафедрасы бар православиелік храм (Павлодар қ., Жағалау шағын ауд) Благовещенск кафедралы соборы. ==Хронология== 1993-99 салынған. 22.10.1999 Астана архиепископы мен Алматылық Алексий храмды аластап, оған кафедралды собор дәрежесін берді, шіркеудің аға попы етіп игумен Иос... |
'''Хименко Андрей Максимович''' (7.12.1915, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы 6.10.1944, Польша, Магнуш қаласының маңы,Подолье ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардиялық атқыш жауынгер. Украин. 1927 жылы Бішкекке қоныс аударған. Мұнда ол пошташы, «Союзпечать» агенттігінде бу... |
'''Борис Никитович Хитеев ''' (15.6.1909, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы 14.9.1943, Украина, Чернигов облысы Бахмач ауданы Гайворон селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, гвардия капитаны, байланысшы. 1942 жылдың қаңтарынан Орталық майдан 60-армия 18-гвардиялық атқыштар корпусы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқа... |
'''Алдынан шығар''' (''күйеу көрді'' (''көру'')) дәстүрлі үйлену салтында күйеу жігіт арнайы келген кезде күйеу тарапынан атқарылуга тиісті жосын атауы. Күйеу жігіттің келгенін естіген қалыңдық әпкесі, жеңгесі және ауылдың бойжеткендері күтіп алып, алдынан шығады.Олар қолдарына құрт, май, бауырсақ және т.б. дәм алып шы... |
'''Алжапқыш (алжапғыш)'''- тазалық үшін алдына байлап алатын жұмыс адамының қосалқы киімі. Ертеде мал сауғанда, етік тіккенде т.б. жұмыста алға байлап алатын, омырауы бітеу, қолтығы оймалы жұмыс киімнің түрі. Темір ұсталары жұмыс үстінде теріден, көннен кейде кенептен пайдаланады. Алжапқыштың ұзындығы белден байлағанда... |
'''Алқа қотан'''— ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі, билер соты сияқты алқалы жиындардың көпшіліктің (яғни белгілі бір жиынның күн тәртібіне тікелей қатысы бар адамдардың) қатысуымен болатын өзіндік ұйымдасу тәртібі. Алқа қотан аталмыш жиындардың белгілі бір өзекті мәселелерді талқылау немесе пысықтау сияқты кезінде кеңе... |
'''Алқау''' дәстүрлі ортада қалыптасқан, халықтың наным-сенімдік ұстанымдарынан туындаған қауым мүшелері арасындағы қатынас нормаларын белгілейтін атау. Мұнда адамдардың әлеуметтік және экономикалық деңгейіне, қатынас субъектілерінің тараптардың бір-біріне туысқандық жақындығына байланысты қалыптасқан ұғымдар мен атаул... |
'''Алқым шалу''' кимешек пен бой киімдерінің алдыңғы өңіріне әшекейлеу үшін салынған сәндік бөлігінің атауы. Кимешектің ойығының жиегін түрлі-түсті жіппен шалып тігуді алқым шалу деп атайды. ҚР МОМ қорында кимешек бар. Төбесі 18 см; арқа жағының ұзындығы 108 см; өңірі 83x80x80 см; бет ойығы 2x32x32 см. Алдыңғы өңірі ме... |
'''Алқа қотан''' қазақ ауылының қоныстану жүйесіндегі ертедегі дөңгелене қоршау құра орналасу тәртібі. Ертеде көшіп жүрген ру немесе ауыл бір жерге аялдағанда тосын жау шабуылынан сақтану үшін, көшпелі үйлерді шеңбер түрінде орналастырып, оларды айналдыра немесе арасына арба мен күймелер қойылып, шеңбердің ортасында ру... |
'''Алла жолына көже''' ертедегі метеорологиялық магияға қатысты жасалатын рәсім, жаңбыр тілеп тасаттық жасағанда пісірілетін көже түрі. Оңтүстік Қазақстан аймағы тұрғындары жаңбыр шақыру үшін жүгері немесе бидайдан Алла жолына көжесін әзірлейді. Әркімнің пісіріп әкелген көжелері бір қазанға құйылып, біріктіріледі. Рәсі... |
Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев '''Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев''' (28.09.1919, Семей 31.10.2016, Алматы) физик, ғылымдарының докторы (1958), Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі (1958), профессор (1959), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967). ==Өмірбаяны== Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік Университеті... |
'''Алып қарақұс''' қазақ танымындағы мифтік кейіпкер. Жаңа туған нәрестені дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша оның жанын алып кетуге әрекет ететін күш. Нәресте қараусыз қалса алып қара құс оның жанын алып кетеді екен. Мұнан кейін отбасының кейінгі нәрестелері де тоқтамайды-мыс. Отбасының бірнеше нәрестесі т... |
'''Алыпсатар''' дайын өнімдерді алдын ала сатып алып, қайтадан қымбат бағасына сатып пайда табатын саудагер. Ертеректе қазақы ортада мұндай жолмен пайда табатындарды көшпелі ортаның ұстанымдары мен құндылықтары оны кабылдамаған, қырын қараған. XIX ғасырдың 80-жылдарынан бастап, Ресей отаршылығының қазақ даласындағы әсе... |
'''Спандияр Хасенұлы Майбасов''' (08.07.1952 ж.т., Сарқант ауданы, Кеңжыра аулы), еркін күрестен спорт шебері. Қазақстанның ЕСЖ-сы. Қазақстанның (1967-75) тоғыз дүркін чемпионы. КСРО ауыл спортшыларының чемпионы (1971, Ереван), күміс жүлдегері (1972, Кишинев). Жастар арасындағы КСРО біріншілігінің жеңімпазы. Бүкілодақт... |
'''Марид Камилович Муталимов''' (20.02.1980, Солтүстік Осетия, РФ), ресейлік және қазақстандық еркін күресші, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Республиканың әлденеше мәрте чемпионы. Азия кубогінің жеңімпазы, Әлем чемпионатына қатысушы. Пекиндегі Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойынд... |
Бақыт Одынай '''Бақыт Одынай''' (24.12.1954, Моңғолия, Баян-Өлгей аймағы, Сенгүл аулы) Еркін күрестен Монғолияның төрт дүркін чемпионы, Моңғолияның еңбегі сіңген спорт шебері. рет Әлем чемпионатына қатысқан. Әлем кубогінің қола жүлдегері. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемеле... |
'''Сәуле Асылбекқызы Сардарова''' 2001 жылы Апматыда өткен ҚР чемпионатында -орын, Шымкент қаласында Қазақстан халықтарының 1-ші 1-орын алды. 2003 жылы Тараз қаласында ҚР чемпионатында 1-орын. 2004 жылы Корея Азия чемпионатында 3-орын, Шымкент қаласында ересектер арасында ҚР чемпионатында 1-орын. 2005 жылы Испанияда өт... |
'''Атшабар бала''' ат жарысында атпен жарысқа түскен шабандоз бала. Тақымы қатқан жас балалар ат үстіне әрі жеңіл, әрі икемді болады. Әлбетте денесі толысып, буыны қатып, омыртқалары бекіген соң жеті-сегіз жасар кезінен бастап баланың атқа шабуына рұқсат етіледі. Қыз балалардың атқа шабуы ішінара кездеседі, олар көбіне... |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.